Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 Туған жерге тағзым – жас ұрпаққа тағылым

Туған жерге тағзым – жас ұрпаққа тағылым

✨ Туған жерге тағзым – жас ұрпаққа тағылым ✨

Белгілі айтыскер ақын, мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков өз туған жері – Отырар өңіріне арнайы келіп, Отырар жалпы білім беретін мектебіне ат басын бұрды.

Кездесу барысында ақын өз шығармашылығын зерттеп жүрген, білімге құштар оқушы Әшірбай Райянға жүрекжарды тілектерін айтып, ақ батасын беріп, автограф табыстады.

Бұл – жас зерттеуші үшін үлкен рухани қолдау, ал барша оқушыларға мотивация мен шабыт сыйлаған тағылымды сәт болды.

Туған жерінен түлеп ұшқан тұлғаның жас ұрпаққа көрсеткен ықыласы – елдік пен ерліктің жарқын көрінісі.

📚✨ Осындай кездесулер оқушылардың арманын асқақтатып, болашаққа сенімін арттырары сөзсіз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2083159592444906&set=pcb.2083161512444714&__cft__[0]=AZaxSJ9Q_vHXnudw_OKSGV75tjesO2ifsKLG9nNlE-V-WCqiOWZv0ivUztE8L0MoKb9Y5pzzRUJ0qd7EQuacVMzQYr1cgLXK_OTvw4oF45xcEzZeTO3uHWXmsX35twyLW1jXGQ-dOzdZMpvL7XE4drjyxJI7hCQajllfxsiSG5V36ImuwyqYpf5im_4iTeDFOg8&__tn__=*b1H-R