Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Толағай» спорттық сайысы жоғары деңгейде өткізілді

«Толағай» спорттық сайысы жоғары деңгейде өткізілді

Отырар жалпы білім беретін мектебінде

28.01.2026 күні МАД тобы тәрбиешілері Ерназарова Мақпал және Төлегенова Жансая апайлардың ұйымдастыруымен «Толағай» спорттық сайысы жоғары деңгейде өткізілді.

Сайыстың басты мақсаты — кішкентай бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында балалар түрлі кезеңдерде өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын, шапшаңдықтары мен мықтылықтарын тамаша көрсете білді. Сайыс тартысты да қызықты өтті.

Аталған шараға сынып ата-аналары белсенді қатысып, өз балапандарына қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Осындай мазмұнды әрі көңілді шараны ұйымдастырып, өздерінің еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білген Мақпал апай мен Жансая апайға алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілейміз!

#Толағай #СпорттықСайыс #СалауаттыӨмірСалты #МАДтобы

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2089340201826845&set=pcb.2089340338493498&__cft__[0]=AZYWoS71LToRY3M9VAKEYInbmLPDdJSYCpbFzsIND6n1a89kLkN6YgIYiVDWsnzYqY8Bl3dm6yWLGHRrlwdjNhxYJMVX5UmEcJDtFpDB1DnU8Z_YTxrrDqG72NKlDVRHce0xIID2tKgjSVY0xcwLCo43LiMNZwLxdaz7Gyl6lQHPsqAoQU4n1aqBcpgZkL_fKRw&__tn__=*b0H-R