"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 03.12.2025ж күні сағат 10:00 де 8-11 сынып оқушыларымен (125 оқушы )облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында тікелей эфирде кездесу өткізді .
Эфир барысында балалардың құқықтық қауіпсіздігі, олардың қорғалуы және ата-аналардың жауапкершілігі туралы маңызды мәліметтер берілді. Сондай-ақ, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл эфир жобаның аясында атқарылып жатқан жұмыстардың ашықтығын көрсетіп, қоғамға пайдалы ақпарат жеткізуді мақсат етті.





