Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Тіл – достықтың алтын көпірі»

«Тіл – достықтың алтын көпірі»

Бүгін мектебімізде «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері аясында «Ұлттық құндылық» бағыты бойынша ерекше форматтағы көңілді үзіліс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барысында оқушылар әр тілдің ерекшелігін танып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, өз өнерлерін ортаға салды. Түрлі ойындар, танымдық тапсырмалар мен қызықты көріністер арқылы білім мен тәрбие ұштасқан мазмұнды уақыт өтті.

Бұл шара оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, бірлік пен достықтың маңызын ұғындыруға үлкен үлес қосты.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан үйірме жетекшісі Бекжан ағайымызға және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Назира апайымызға ерекше алғыс білдіреміз.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2140966093330922/2316700159141365?__cft__[0]=AZYgjzEyIUG4dBMZyY6rzv297Wnd-MB4gd-8bCSKJEdeEwggsnwzevkURgMP648sh_bTURScGX17PmeGi_0G7L4fGhXmGFM1b_elUIkZfuTqap1DJG4irndySsX__b6Z3no67kHvs6EJPYhsjxGLixdoPaCM00S4GeBSmPhakFNHvB4ApeHq76CmmL4qIbCnD_4&__tn__=*b0H-R