Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына орай "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткізілді.
"Отырар" жалпы білім беретін мектепте Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай экологиялық бағыттағы "Таза Қазақстан" акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты – экологиялық мәдениеті қалыптастыру, туған жердің табиғатына қамқорлық жасау және елдің тәуелсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарау.
Акция барысында мектеп аумағында,ауыл көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.Қоқыстарды жинап,талдарды әктеп, арам шөптерден тазартты.





