«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылымызды көркейту, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желекті көбейту мақсатында игі іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара барысында мектеп аумағы мен көше бойларына түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
Бұл бастамаға мектеп ұжымы бір кісідей атсалысып, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа жасалған қамқорлық, келешек ұрпаққа қалдырылатын асыл мұра.
Осындай игі істер арқылы біз өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, туған жерін сүйіп, оны көркейтуге тәрбиелейміз. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!
#ТазаҚазақстан #ЖасылЕл #АғашОтырғызу #Экология #ТабиғаттыҚорғайық





