Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Тағы да бір қуаныш!

Тағы да бір қуаныш!

Тағы да бір қуаныш!

Тіл мен тәрбие ұштасқан тағылымды жобалар – ұлт болашағының жарқын кепілі. Осындай маңызды бағыттағы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен «Бала шешеннен – дана шешенге» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңінде мектебіміздің мерейін үстем еткен тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісеміз.

«Сәлем сөздің анасы» таныстыру бағыты бойынша жоғары деңгейдегі шығармашылық өнерімен ерекшеленіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болу – үлкен жетістік пен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Бұл – шәкірттің таланты мен ұстаздың біліктілігінің үйлесім табуының айқын дәлелі.

Отырар ауданы «Отырар» жалпы білім беретін мектебінің бұл жетістігі – барша ұжымның ортақ жеңісі. Шәкіртті шыңға жетелеген жетекшісі Уалихан Бекжанға алғысымыз шексіз!

Жеңістеріңіз көп болсын, алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз еселене берсін!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2155793095181555&set=pcb.2155793131848218&__cft__[0]=AZYj6gAFZ4suoDBoFIZ1D58mcWul7jHWsr7_IYa2YuUKJ2ZaY_GIPjbRP_WdUGZjuKxr8bSNCaS4q54ayObH4uL4U_CWvI6yV81BK-_2ukA1eyCwH8h3nBND3-u-lY0bDP4NHUhwMU8dOCxlqKZ-CPErQn90PCQKa7tbsp-CqcPu0rSKisdMf4kskHLNXya7QN8&__tn__=*b1H-R