«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы – тал егу шарасымен жалғасты
«Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылған «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы барысында мектеп ауласына тал көшеттері егілді.
Іс-шараға әлеуметтік педагог К.Одаман мен директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қ.Шоқақов жетекшілік етіп, оқушылармен бірге табиғатты көркейту жұмыстарына белсене атсалысты.
Тал егу – бұл тек көгалдандыру емес, бұл – болашаққа жасалған игі қадам. Бүгін егілген әрбір көшет – ертеңгі жасыл желекке айналып, мектеп ауласын көркейтіп, таза ауа сыйлайды.
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!





