Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Тәуелсіздік тұғырым»

«Тәуелсіздік тұғырым»

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар жалпы білім беретін мектебімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты рухты да әсерлі іс-шара ұйымдастырылды. Аталған тағылымды кеш «Өзін-өзі басқару» ұйымының бастамасымен өтіп, оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын айқын көрсетті.

Іс-шара барысында оқушылар ел тарихына, еркіндік пен бірлікке деген құрметтерін әртүрлі өнер түрлері арқылы жеткізді. Мерекелік бағдарлама флешмобпен басталып, ұлттық би, күй, сахналық көрініс, мәнерлеп оқу, жеке әндер мен хор орындауларымен жалғасты. Әрбір нөмір Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сезіндіре отырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл кеш оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух, елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін сіңіруге бағытталды.

Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!

#ТәуелсіздікТұғырым

#ТәуелсізЕл

#ӨзінӨзіБасқару

#ПатриоттықРух

#ЖасҰрпақ

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2054669641960568/1812199669430063?__cft__[0]=AZa9f60jcIlSueJ8eGcZwbwnTlfUpfoEZMQ-aWSGxCuvImBHeHA_9QEZWy5tVVtA0LN5qCk9hsGzDIEQi20QoE-ASz9V0uYqh_jlW2HsMlzA6P2H-K4PBrqejq-eSxJADsfBLBAzgKQZBYUvOxB1bK8eTvXSSdU8en87nrrr6t5HPQ&__tn__=*b0H-R