Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Тұсаукесер» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды

«Тұсаукесер» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурызнама» онкүндігі аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 16 наурыз –Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүр күніне орай мектебімізде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Тұсаукесер» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеу, оқушыларға ата-баба мұрасының маңызын түсіндіру және олардың ұлттық өнер мен дәстүрге деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында тұсаукесер салтының шығу тарихы мен тәрбиелік мәні туралы кеңінен айтылып, сахналық көрініс арқылы көрермендерге әсерлі түрде ұсынылды. Көріністе әжелер мен немерелердің бейнесі арқылы қазақтың отбасылық тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі көрініс тапты.

Іс-шара барысында оқушылар ән шырқап, әсем билерін тарту етті. 4-сынып оқушылары өнерлерін көрсетсе, 7-сыныптың «Құрбылар» тобы би билеп, көрермендердің ықыласына бөленді. Сонымен қатар жігіттер тобының жігіттер биі көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше қолдау тапты.

Көріністің шарықтау шегінде тұсаукесер рәсімі орындалып, баланың тұсауы кесілді. Бұл рәсім – баланың қадамы нық болып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болсын деген ақ ниеттен туған халқымыздың тағылымы мол дәстүрі. Рәсім соңында үлкендер ақ батасын беріп, ізгі тілектерін арнады.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, салт-дәстүрімізді құрметтеуге, ата-баба мұрасын қастерлеуге тәрбиелейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудің маңызды жолы.

Ұйымдастырушылар: үйірме жетекшілері.

https://www.facebook.com/reel/970360262093891