Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Суды үнемдеу – болашақты сақтау»

«Суды үнемдеу – болашақты сақтау»

2026 жылдың 29 сәуір күні "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде «Суды үнемдеу – болашақты сақтау» тақырыбында ашық сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Аталған іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін кеңінен көрсете білді. Сабақтарда су ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында мазмұнды тапсырмалар орындалып, қызықты пікірталастар өрбіді.

Сонымен қатар, тәжірибелік жұмыстар мен топтық тапсырмалар арқылы оқушылар судың маңыздылығын терең түсініп, табиғатқа жанашырлықпен қараудың мәнін ұғынды.

Бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты.

#СудыҮнемдеу #Экология #МектепӨмірі #БілімБерудегіЖаңашылдық

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2165709317523266/889560750756960?__cft__[0]=AZZ5xrPHoS9RWCOOSLDqVXZQLBL3IDbQvltrJwJrsy2kIGn_VZz66esUSUDLQfTVZ0JTEKmwp2QswOL9Cfj-LkV2QO3y9rbip9C53yT3G7Tf3TcEtRYVyuLBdk77JzAWaZs&__tn__=*b1H-R