Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 Ұстаз – ұлттық шамшырағы

Ұстаз – ұлттық шамшырағы

📚✨ Ұстаз – ұлттық шамшырағы ✨📚

Отырар жалпы білім беретін мектебінде Мұғалімдер күніне орай аға тәлімгер Ф.Төлеген мен ұйымдастырушы педагог Н Нажмаддинованың ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлттық шамшырағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 🎉

Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, барша ұстаздарға ыстық ықыласын білдірді. Өз кезегінде ұстаздар да жүрекжарды тілектерін айтып, бір-біріне ізгі лебіздерін жеткізді. 🌹

Оқушылар ұстаздарына арнап өлең-жырын оқып, ән-билерін тарту етіп, мерекенің сәнін келтірді.

Ұрпақ тәрбиесінде тынымсыз еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға мың алғыс! Ұстаз – ұлттың болашағына бағыт берер шамшырақ.

💐 Құрметті ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсін!

#ҰстазҰлттықШамшырағы

#МұғалімдерКүні

#ОтырарМектебі

12333221 2025