![]()
Ұстаз – ұлағатым ![]()
![]()
Отырар жалпы білім беретін мектебінде 5 а сынып жетекшісі Сатыбалды Жадыраның ұйымдастыруымен «Ұстазым – ұлағатым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шарада оқушылар ұстаздың қадір-қасиеті, еңбегінің мәні мен маңызын өлең, ән-жыр, көріністер арқылы жеткізді.
Шара барысында ұстаздың шәкірт жүрегіне жол табар мейірімі мен қажырлы еңбегі дәріптеліп, оқушылар өз алғыстарын білдірді.
Бұл тәрбие сағаты – ұстаздарға деген құрмет пен тағзымның, шәкірт жүрегіндегі риясыз махаббаттың көрінісі болды. ![]()
#ҰстазымҰлағатым #МұғалімдерКүні #ОтырарМектебі






