Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Әскери дайындық: Оқу дала жиыны

Әскери дайындық: Оқу дала жиыны

Әскери дайындық: Оқу дала жиыны

Бүгін 10-сынып оқушыларына АӘД пәні мұғалімі С.Байқозы оқу дала жиынында әскери тақырыптарда сабақ өткізді. Жиын барысында оқушылар саптық дайындықты пысықтап, әскери тәртіп пен ұйымдасқандықты сақтауды үйренді.

Сабақ барысында әскери жаттығулар, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері және тактикалық әрекеттер бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындалды. Оқушылардың әскери даярлық деңгейі мен ұйымшылдығы жоғары бағаланды.

Осындай іс-шаралар оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, жауапкершілік пен тәртіпке үйретуге бағытталған. Жиын соңында қатысушылар өздерінің алған білімдері мен дағдыларын талқылап, алдағы оқу-жаттығу жоспарларын белгіледі. Қару-жарақ түрлері мен оны қолдану түрлерін үйретті.

Әскери дайындық сабақтары жастарды Отан қорғауға, ерлікке және бірлікке баулиды.

Нажмите, чтобы развернуть

0:10 / 1:34