Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы жалғасуда

Мектебімізде ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өз жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және кітапхана қорын толықтыру.

Осы игі шараға 2-сынып жетекшісі Төлебекова Лаззат апай және сынып оқушылары белсене қатысып, мектеп кітапханасына өз жүректерінен шыққан сый – кітаптарын тарту етті. Оқушылардың кітап сыйлауы – олардың білімге, рухани құндылықтарға деген құрметінің айқын көрінісі.

Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың қайнар көзі. Осындай ізгі бастама арқылы жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, оқуға деген ынтасы нығая түседі.

Акцияға қатысып, кітап сыйлаған ұстаздар мен оқушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Кітап сыйлау – ізгіліктің жарқын үлгісі!

Отырар Жалпы Орта Мектеп

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2106947280066137&set=pcb.2106947410066124&__cft__[0]=AZb8WXPBDc59sfjruTi-eIsWHbVYOjYeOaoCXEFmHOgZ5bsfURjgT12fliToQ-SNKsIH5a2k0xWWXC_sZAVT6_SuQ87V1R-pnadtRdjfnRhnUzVPi5T2oZKDsnIN8iHY59TernoRhyGjR_P4GfxDEIHcqUOW2Wtrd1e4R-vEZEIRJy1z9yo2P9bu4YVJVTk_iMo&__tn__=*b1H-R