Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс алаңы – ой мен сөз додасы

"Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс алаңы – ой мен сөз додасы

Заң мен тәртіп айы аясында мектеп қабырғасында өткен "Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс алаңы – ой мен сөз додасы

Бүгін 7–8 сынып оқушылары арасында өткен «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайысы жас өрендердің сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және өз көзқарасын еркін жеткізе білу дағдысын айқын көрсетті.

Пікірсайыс барысында екі өзекті тақырып талқыланды:

🔹 «Көкпар – жастардың рухын көтеретін ойын ба, әлде қауіп-қатерге толы ескірген дәстүр ме?»

🔹 «Әлеуметтік желі қыздар тәрбиесіне кері әсер етіп жатыр ма?»

Оқушылар бұл тақырыптарға бейжай қарамай, ұлттық құндылық пен заманауи қоғам арасындағы байланысты, дәстүр мен қауіпсіздік, технология мен тәрбие мәселелерін жан-жақты талдады. Әр команда өз ұстанымын нақты деректермен дәлелдеп, қарсы тараптың пікіріне сауатты жауап бере білді.

Пікірсайыс барысында оқушылардың: ✔ логикалық ойлауы

✔ сөз мәдениеті

✔ топпен жұмыс істеу қабілеті

✔ өз ойын ашық әрі мәдениетті жеткізе білуі

айқын байқалды.

Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырған

Дебат үйірмесінің жетекшісі – Э. Алтаеваға,

тәлімгер – Ф. Төлегенге шексіз алғыс білдіреміз.

«Ұшқыр ой алаңы» – бұл тек пікірталас емес, бұл – жас ұрпақты ойлануға, ізденуге, қоғамға бейжай қарамауға үйрететін маңызды тәрбие мектебі. Осындай алаңдарда шыңдалған оқушылар болашақта елінің сөзін сөйлей алатын, өз ұстанымы бар азамат болып қалыптасатынына сенім мол.

Ойы ұшқыр, сөзі нық, көзқарасы айқын жас ұрпақ – ел болашағы!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2084668265627372&set=pcb.2084668548960677&__cft__[0]=AZZLXFS_stxZlMhS1TsoCHtkKFj-ZaJIiMJ7RPvB_zWnXx6udExGlUBEBDCqQxtoZ0KsWwLj_ajiiknJLvglwf1zqtVgHUaU9PKBF3VjD_tCNUlnwqpSzJsfxS8o540D4q8kRdK5KgH1Qh3d75WtRZpGYhuBvtuTKOrrXevSWsqasI2ocA3Dr6PZaYZu-szQ_Kk&__tn__=*b0H-R