Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Шабыт шыңы» өнер фестивалі

«Шабыт шыңы» өнер фестивалі

«Шабыт шыңы» өнер фестивалі

Мектебімізде оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған «Шабыт шыңы» атты өнер фестивалі өтті. Бұл кеш – өнер мен шабыттың, талант пен талпыныстың тоғысқан ерекше мерекесі болды.

Фестиваль барысында оқушылар сахна төрінде өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш бағдарламасында тәрбиелік мәні зор көріністер қойылып, әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер биленді. Сонымен қатар күй күмбірлеп, көркем сөз оқылған әсерлі сәттер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір өнер нөмірі оқушылардың таланты мен сахна мәдениетін айқын көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты.

Іс-шара барысында ауданнан арнайы келген құрметті қонақтар сөз сөйлеп, жас таланттарға ақжарма тілектерін арнап, олардың болашағына сәттілік тіледі.

Фестиваль соңында мектеп директоры Асилбеков Керімбек сөз алып, кештің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдіріп, арнайы келген қонақтарға ризашылығын жеткізді.

Өнерге толы бұл кеш оқушылардың бойындағы дарын мен шығармашылықтың жарқын көрінісіне айналып, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Жас таланттардың қанаты қатайып, өнердің биік шыңдарын бағындыра беруіне тілектеспіз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2124409204986611&set=pcb.2124409598319905&__cft__[0]=AZZCyJDcnkP60BJarcqHjqjpPFpACQsS_YCLl061DoM4TZ2_yxYZ6ew30dc_tWce17O3YBGs4oIquzr0GHvVuDxZiyix3V_IJKG2yYEh7L33I-h1RG5XeP5kQIEUs7ULJLtUfHXHtUIkfGLjBo1yx5RGmbC1dc3x3nR3qjyvyxZN46tUskgjSvO0FxnncA14a34&__tn__=*b0H-R