«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Отырар жалпы білім беретін мектебінде «Сенің қолыңнан келеді – сен жеңесің!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, жағымды ой қалыптастыру, ішкі әлеуетін ашу және өмірлік қиындықтарды жеңе білу дағдыларын дамыту болды. Іс-шара барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен сергіту тапсырмаларына белсене қатысып, өз ойларын ашық білдірді.
Тренингті мектеп мінезгері Б. Абдрахимов жүргізіп, оқушыларға мотивация беретін пайдалы кеңестер мен өмірлік бағыт-бағдар ұсынды. Жылы атмосферада өткен бұл шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен сенімділік сыйлады.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.





