Сарыағаш ауданында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9–11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 9–11 сынып оқушылары арасында Отырар жалпы білім беретін мектебіміздің оқушысы Әшірбай Райян жүлделі ІІ орынды иеленді!
Ақылы мен білімі жарасқан, талабы таудай Райян қызымыздың бұл жетістігі – үлкен еңбектің, тынымсыз ізденістің нәтижесі. Осындай дарынды шәкіртімізбен мақтанамыз! Алар асуларың әлі алда, тек биіктен көріне беруіңе тілектеспіз!
Жетекшісі Додабай Гүлжауһар апайға шәкірт тәрбиелеудегі зор еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғысымыз шексіз! Осындай жеңістердің артында ұстаздың маңдай тері мен табанды еңбегі жатқаны сөзсіз.
Жеңіс құтты болсын! Алар асуларың көп болсын!





