Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Р" дыбысын сөздің басында машықтандыру» тақырыбында мазмұнды сабақ өткізді

"Р" дыбысын сөздің басында машықтандыру» тақырыбында мазмұнды сабақ өткізді

Отырар жалпы білім беретін мектебінде жас мамандардың тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған ашық сабақ өтті. Логопед маман Ақбота Қайратқызы МАД тобы тәрбиеленушілерімен «"Р" дыбысын сөздің басында машықтандыру» тақырыбында мазмұнды сабақ өткізді.

Сабақ барысында бүлдіршіндер дыбысты дұрыс айтуға бағытталған артикуляциялық жаттығулар орындап, түрлі ойындар арқылы "Р" дыбысын сөз басында анық әрі таза айтуға жаттықты. Сонымен қатар «Қыс қызықтары» лексикалық тақырыбы аясында балалардың сөздік қоры молайтылып, байланыстырып сөйлеу дағдылары дамытылды.

Қызықты ойындар, көрнекіліктер мен логопедиялық әдіс-тәсілдер балалардың белсенділігін арттырып, сабақтың әсерлі әрі нәтижелі өтуіне ықпал етті. Бүлдіршіндер ерекше қызығушылық танытып, тапсырмаларды ынтамен орындады.

Жас маманның ізденісі мен шығармашылығы, балаға деген жылы қарым-қатынасы сабақ барысында айқын көрінді. Осындай нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдіреміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2093313034762895&set=pcb.2093313214762877&__cft__[0]=AZZWevl5X7ZooVe6L00ixFr2p7JuqJDC8-ch_SrXhqvpWFpmRWyyZ6cfUI00_AXTzVM2HhQPU_FZbYts6R8iS2RiXafRsUo81k5RCsJsHGEawO7g3Dv5hni4HT-oaL0QNdFkHz1kMgvapFOAl5wp5_2BKv4thdJc46wuxvbfHbEoo739wXapratHHMlzkSyIVa4&__tn__=*b0H-R