Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 "Поэзия, сен менімен егіз бе едің?"

"Поэзия, сен менімен егіз бе едің?"

"Біртұтас" тәрбие бағдарламасы аясында Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 8 "б" сынып жетекші Б.Кәдірбектің ұйымдастыруымен "Поэзия, сен менімен егіз бе едің?" тақырыбында поэзияға арналған тағылымды тәрбие сағаты өтілді. Оқушылар жүрек тербетер өлеңдер оқып, әсем ән шырқап, поэзия әлемін көрініс арқылы әсерлі жеткізе білді.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, көркем әдебиет арқылы рухани байыту. Оқушылардың сахна мәдениеті, мәнерлеп оқу шеберлігі мен шығармашылық белсенділігі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Поэзия – жанның айнасы, сезімнің тілі. Осындай мазмұнды кештер арқылы оқушылардың өнерге, әдебиетке деген қызығушылығы арта берері сөзсіз.

Ұйымдастырушы ұстазға алғыс, жас өнерпаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2106941970066668&set=pcb.2106937233400475&__cft__[0]=AZan-sC98ow2HxX1j3XjuFAOV9NLGFtt4g4Ksq9SP58NzgP_qeGgtYQ85C61x-0EaskeliUl1GVe84SEVJFfwvHVRqdNllCc87wCxEjaH_IJbSnZMr1IiU3S3vS16WDg0bOA0QSr2b_bIXXYKrAq3dkoPPpTm_dmymbDpKGK9qA2_9sMWVdk2YTx3ubAoXzFFPI&__tn__=*b1H-R