Отырар жалпы білім беретін мектебімізде өткен PISA халықаралық зерттеуі ешқандай қиындықсыз, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар интернет желісіне тұрақты қосылып, тапсырмаларды өз бетімен орындады.
Онлайн форматта өткізілген зерттеу барысында техникалық ақаулар, жүйелік үзілістер немесе оқушылардың қатысуына кедергі келтіретін жағдайлар орын алған жоқ.
Барлық қатысушылар нұсқаулыққа сай жұмыс жасап, зерттеу белгіленген уақыт ішінде сәтті аяқталды.
Осындай маңызды халықаралық зерттеуге белсенді қатысқан оқушыларымызға және ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздарға алғыс білдіреміз!





