ПЕДАГОГИКАЛЫҚ QUIZ – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ БӘЙГЕСІ
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жас мамандардың ұйымдастыруымен ерекше форматтағы «Педагогикалық quiz» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті.
Бұл сайыс педагогтердің кәсіби білімі мен логикалық ойлау қабілетін, жылдамдық пен тапқырлығын сынаған мазмұнды әрі қызықты алаңға айналды. Қатысушылар әр кезеңде белсенділік танытып, білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, тартысты ойын көрсете білді.
Сайыс барысында: – педагогика саласына қатысты мазмұнды сұрақтар,
– логикалық тапсырмалар,
– ой ұшқырлығын талап ететін қызықты кезеңдер қамтылды.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздар ақшалай марапаттармен және ерекше номинациялармен марапатталды. Бұл – қатысушыларға үлкен мотивация мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осындай танымдық әрі әсерлі шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыра түсетіні сөзсіз.
Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз: Әлімбеков Нұрлан
Насурлла Айбек
Уалихан Бекжан
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен білімге деген құштарлығы үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралар жалғасын таба берсін!





