Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Отырар ЖББМ-де психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысы өткізілді

Отырар ЖББМ-де психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысы өткізілді

Бүгін Отырар ЖББМ-де психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысы өткізілді. Жиында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологы Б.Абдрахимов ерекше назардағы оқушыларға арналған бақылау парақтарын толтыру тәртібін түсіндіріп, сынып жетекшілеріне бірлескен жоспар құру және сол жоспар негізінде жүйелі жұмыс жүргізу жолдарын ұсынды.

Әлеуметтік педагог К.Одаман өз сөзінде әр сынып бойынша осал топтағы оқушыларды бақылауға алу, олардың жағдайын зерделеу мақсатында үйге бару жұмыстарын жылына екі рет жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, сынып жетекшілері диагностикалық нәтижелерге сәйкес оқушыларды жасыл, сары, қызыл деңгейлерге бөліп, алдағы жұмыс бағыттарын нақтылап алды.

Жиын барысында мектеп директоры К.Асылбеков әрбір оқушының жеке тұлға екенін ескере отырып, оларға қолдау көрсету мен түзету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – ұжымның ортақ міндеті екенін жеткізді. Сондай-ақ, қабылданған жоспарлардың орындалуы жыл соңында міндетті түрде сарапталатыны ескертілді. Мектепте өткізілетін барлық іс-шараларға ата-аналарды кеңінен тарту қажеттігі де атап өтілді.

Жиын нәтижесінде оқушылардың отбасымен де қарым-қатынасын дамытуға атсалысу маңызды екені айтылып, осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізу жоспарланды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2163963621031169&set=pcb.2163964087697789&__cft__[0]=AZY5PNdQw9FbVmff7mC_Rfp6ujym6R9YpyfCsilS7F1E0u4RDw7CVZ12WHoyza3UOl_zSquSdzBv1ICIooSkGY6yKDcJ4nmdcUbyL-9ElbGqyDObTqVDSJOspH4KbrodkUg&__tn__=*b2H-R