"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде жаңа заманауи қоңырау орнатылып, енді оқу үні қазағымыздың күмбірлеген күйімен естілетін болды. Ұлттық рухты дәріптеп, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлайтын бұл жаңалық — мектеп өміріне тың серпін берері сөзсіз.
Бұл игі іске демеушілік көрсеткен азаматтарымызға шын жүректен алғыс айтамыз:
Амангелді Б., Сембиев С., Байғозы С., Уалихан Б., Насурлла А.
Сіздердің қолдауларыңыз – өскелең ұрпаққа жасалған үлкен қамқорлық!
Ұлттық нақышта күмбірлеген қоңырау үні мектебімізге жақсылық пен жігер әкелсін!





