Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде қыздар ұйымының жиналысы өтті

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде қыздар ұйымының жиналысы өтті

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде қыздар ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында әр сыныптың қыздар секторының өкілдері қатысып, ұйым мүшелері сайланды. Іс-шараның мақсаты – мектептегі қыздар ұйымының жұмысын жандандыру, ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру және жасөспірім қыздарды бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу болды.

Жиналысқа қыздар ұйымының жетекшісі Г.Төлімбетова мен тәлімгер Ф.Төлеген, педагог - ұйымдастырушы Н.Нажмаддинова қатысып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұйымның болашақтағы бағыттарын айқындады.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2021556755271857&set=pcb.2021545531939646&__cft__[0]=AZXqX-FGnhmhbhdc8VQQPzfuVVWtc0-YsLNVZITXQcrg8RnHJdBHZ0Rt3LZN17lQoFsqnZqPZiFZ-085k0XeuMwr_SjAbAMA9Hckk3U8cI8MMkgRQd5cIEZ4IdioD76l8nbhfkDz-Xu1uTtkRJvLRnD9n2qbuD1cgzwwPDfMyDFcJw&__tn__=*b0H-R