Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған игі іс-шара

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған игі іс-шара

🌾 Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған игі іс-шара 🌿

Отырар ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай Отырар жалпы орта мектебінде бірқатар тәрбиелік және экологиялық бағыттағы жұмыстар атқарылды. Іс-шара аясында мектеп ауласында көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мәңгі жасыл шыршаның жаңа шыққан өркені егілді. 🌲

Бұл игі бастама туған жерді көркейтуге, табиғатты аялауға және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Іс-шара барысында мектептің белсенді үздік оқушысы Төлебай Нұрила жиналғандарға атқарылған жұмыстарды таныстырып, ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған құттықтау сөзін жеткізді.

Сондай-ақ, мектеп директоры К. Асилбеков мерейлі мерекемен барша ұжымды және ауыл тұрғындарын құттықтап, Отырар ауданының өркендеуі мен дамуына ізгі тілегін білдірді.

💫 Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Елдің еңсесі биік, еңбегі берекелі болсын! 🇰🇿

#Отырар90жыл #ОтырарМектебі #ТуғанЖергеТаңдама #Көгалдандыру #БерекеБірлік