Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Отырар ауданына 90 жыл»

«Отырар ауданына 90 жыл»

«Отырар ауданына 90 жыл» мерекелік іс-шарасы 🌟

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Отырар жалпы білім беретін мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Абишов пен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Отырар ауданына 90 жыл» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара оқушылардың туған жеріне, ел тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, Отырар ауданының тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке және рухани құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. 💫

Іс-шара барысында оқушы қыздар халық биін мың бұралып билеп, көрермен көңілінен шықты. 💃

М. Шахановтың «Төрт ана», «Арман», «Отырардың күйреуі» атты өлеңдері мәнерлеп оқылып, Ш. Қалдаяқовтың жүрекке жылы тиер әсем әндері шырқалды. 🎶

Мерекелік жиынның соңында мектеп директоры К. Асылбеков Отырардың бай тарихына тоқталып, бұл қасиетті өңірден 27 ғалымның шыққанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, жас ұрпаққа жылы лебізін білдіріп, елге деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызын айтты. 🌿

https://www.facebook.com/reel/1868128360449538