ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ "Отырар" жалпы білім беретін орта мектеп" КММ жалпы "Отбасы тәрбиесіндегі жалпы құндылықтар" атты ұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты мектеп директоры Ж.Оспанов, ата-аналар комитетінің төрағасы Н.Ердемқұл ағай, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абишов өткізді. Мектеп директоры Ж.Оспанов күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелерге тоқталды. 1. Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар. 2. "Сенімді қарым-қатынас" - бақытты балалық шақтың кепілі. Мектеп психологы Б.Абдрахимов "Сенімді қарым-қатынас" тақырыбында баяндама оқыды.
Әр түрлі мәселелер қаралды. Соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы кезіндегі автокөлікпен шеру ұйымдастыруға, табиғат аясына шығуға тиым салу туралы Алдағы оқу жылындағы мектеп формасы туралы
- Балалардың жазғы уақытта қауіпсіздігін сақтау (жолда, суда, қоғамдық орындарда)
- Интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіптер туралы ескерту
- Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары
- Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары
- Ата-аналардың бақылауы мен қолдауының маңызы туралы кеңінен талқыланып,айтылды.
Все реакции:
10Жанат Мусатаева, Алиби Усербаев и ещё 8
Нравится
Комментировать
Отправить
Поделиться