"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 8 «А» сынып жетекшісі Г.Карбозованың ұйымдастыруымен «Отбасы – ұлт болашағы» атты тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.
Шараның мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын ұғындыру, ата-анаға деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, әсерлі әндер шырқалып, көркем билер биленіп, тағылымды сахналық көрініс қойылып, жүрекке жылы тиетін хор орындалды.
Әрбір бөлім көрермендерге ерекше әсер сыйлап, отбасының береке-бірлігі мен тәрбиенің құндылығын терең сезінуге мүмкіндік берді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ашық білдірді.
Отбасы – ұлттың тірегі, болашақтың бастауы. Берекелі отбасы – мықты мемлекет кепілі!





