Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 9а және 9ә сынып жетекшілері А.Отарбай мен Н.Әйменнің ұйымдастыруымен ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен отбасылық сайыс жоғары деңгейде өтті.

Сайыс барысында отбасылар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, сұрақ-жауап кезеңінде тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Әр кезең мазмұнды, тәрбиелік мәні зор болып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, бірлік пен ынтымақты арттыру.

Сайыс қатысушыларына демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Алмас Абишевке ерекше алғысымызды білдіреміз!

Белсенді қатысқан барлық отбасыларға рахмет! Осындай тағылымды шаралар көп болсын!

#ОтбасылықСайыс

#ОтбасыҚұндылығы

#АтаАнаМенБала

#9а9әСынып

#Алғыс

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2056463758447823&set=pcb.2056464021781130&__cft__[0]=AZZ3Tk5FV_oIgredaQwlXT2eG-qsA3X2Omca7oYMdTeEKZkdfeHT2D-i6ZBveuMdNWX7cquQtcAaYsqHqFLErW1P_blrsXYB7R3Pmlbi9XM1pLRjchq8ANqSvejGDiOadVwzPbkanmkZeN9gp7ox_ct2BAczIKNFUHRlEiOcRrEZ9Q&__tn__=*b0H-R