ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЖЕҢІСІ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ!
2025–2026 оқу жылының ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II (облыстық) кезеңінде мектебіміздің оқушылары ерекше табысқа жетті. Бұл жетістік – ұстаз бен шәкірттің қажырлы еңбегінің, ізденіс пен табандылықтың нәтижесі.
География пәнінің мұғалімі – А.Отарбай оқушыларын пәнге деген сүйіспеншілікке баули отырып, олардың білім көкжиегін кеңейтіп, үлкен белестерге жетелеп келеді. Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар аудандық олимпиадада 1-орын алып, өз білімдерін облыстық деңгейде жоғары дәрежеде дәлелдеді.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша:
Қалмұратқызы Аяулым – 2 орын,
Тасжан Аружан – 3 орын,
Кенжебайқызы Ұлданай – 3 орын иеленді.
Бұл жеңіс – ұстаз еңбегінің жемісі, шәкірт ынтасының көрінісі. Оқушыларымыздың осындай табыстары жас буынның білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттырып, келешекке деген сенімін нығайтады.
Біздің мектеп үшін бұл үлкен мәртебе!
Жас географтарымызды және олардың ұстазы А.Отарбайды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім жолындағы талпыныстарыңыз бен табыстарыңыз толастамасын! ![]()
#Олимпиада2025 #ЖасДарын #География #МектепЖетістігі #ҰстазМақтанышы #ОқушыТабысы






