Оқушылардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру – тәрбиенің маңызды бөлігі
Оқушылардың демалыс уақытын мәнді де мазмұнды өткізу — әрбір ұстаздың басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта мектебіміздің үйірме жетекшілері оқушыларды тарихи-танымдық, киелі жерлерге саяхатқа апарып, ерекше тәрбиелік мәні бар танымдық іс-шара ұйымдастырды.
Бұл сапар жай ғана серуен емес, өскелең ұрпақтың санасына өткеннің өнегесін сіңірген тағылымды саяхат болды. Киелі мекендердің әрбір тасы мен тұнған тарихы балалардың жүрегіне ерекше әсер қалдырды. Оқушылар ата-бабамыздың ізі қалған қасиетті орындармен танысып, ел тарихының тереңдігін сезініп, ұлттық мұрамыздың қадір-қасиетін ұғынды.
Саяхат барысында оқушылар туған жердің тарихы мен мәдениеті жайында тың мағлұматтар алып, өз өлкесіне деген мақтаныш сезімін арттырды. Әрбір көргені мен естігені олардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дүниесін байыта түсті. Сонымен қатар, мұндай танымдық сапарлар оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, ұжымдық бірлікті қалыптастыруға да ықпал етеді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар – болашақ ұрпақты елін сүйетін, тарихын құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бағалайтын саналы азамат етіп тәрбиелеудің маңызды қадамы.
Аталған саяхат тіл дамыту үйірме жетекшісі Г.Мақұлбекова, математика үйірме жетекшісі С.Қалмырзаева және қосымша білім беру педагогы Ғ.Жүсіпбаевтың ұйымдастыруымен оқушылар тарихи-танымдық, киелі жерлерге саяхатқа шықты.





