Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Оқитын ұстаз – ұлт болашағы»

«Оқитын ұстаз – ұлт болашағы»

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» тұжырымдамасы аясында мұғалімдер арасында өткен «Оқитын ұстаз – ұлт болашағы» жобасының І айналымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара кітапханашы Момбекова Фариза мен директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Әсілбек Сәрсенбектің ұйымдастыруымен өтті.

Сайысқа 7 мұғалім қатысып, оқыған шығармаларын мазмұнды талдап, сөз мәдениеті мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Тағылымы мол, рухани бай кеш болды.

👏 Қатысушыларға алғыс, алдағы кезеңдерге сәттілік!

#KitapXan #ОқитынҰстаз #ОқуғаҚұштарМектеп

https://www.facebook.com/reel/883033694502431