Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» атты шығармашылық-танымдық іс-шара

«Өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» атты шығармашылық-танымдық іс-шара

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебімізде «Өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» атты шығармашылық-танымдық іс-шара өтті. Шараны үйірме жетекшілері ұйымдастырып, оқушылардың ой-қиялын дамытуға, жаңашыл идеяларын танытуға мүмкіндік жасады.

Іс-шара барысында оқушылар өздерінің ерекше жобаларын, өнертапқыштық ойларын, түрлі техникалық және шығармашылық жаңалықтарын ұсынып, бір-біріне шабыт сыйлады. Жас өнертапқыштар жаңа идеяларымен көзге түсіп, мектеп қабырғасындағы ғылым мен техниканың дамуына өз үлестерін қосты.

Шараға қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіре отырып, үздік шыққан шәкірттерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жас дарындардың қадамы сәтті, болашағы жарқын болсын!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2043873413040191&set=pcb.2043873779706821&__cft__[0]=AZWCXvMQlncnqZ4Y810uw64kDKzxon2b-lUBl0yrwBYK6mzp6cCDj74O2sxgejq_VEI6f6Y3GWvfXhKUkk0rZelcx7j9L2NNxCv1SwxftfUcstQ5pGjlh6jxVS78zYvSaQ5FbwVlvm_9VgnOLb_MnD1VPKG3zVOZ1FkSsEnddCfTAQ&__tn__=*b0H-R