Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Мерекеңмен, Анашым!» атты тәрбие сағаты

«Мерекеңмен, Анашым!» атты тәрбие сағаты

Отырар жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі Ерназарова Мақпалдың ұйымдастыруымен «Мерекеңмен, Анашым!» атты тәрбие сағаты өтілді.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер аналарға деген ыстық ықыластарын өлең жолдары, әсем әндері мен көңілді билері арқылы жеткізді. Анаға деген сүйіспеншілік пен құрметке толы бұл кеште балалар жүрекжарды тілектерін айтып, аналарын қуанышқа бөледі.

Мейірім мен махаббатқа толы мерекелік шара аналардың көңілін шаттыққа бөлеп, ерекше әсер сыйлады. Ана – өмірдің шуағы, отбасының берекесі екені тағы бір мәрте айқын сезілді.

Барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2122273571866841/2012180986002314?__cft__[0]=AZYc52uV6NpLTpgCHqXunCvkTXda6TP4-xbYYabLBYHXTqxn8zT99rE3tE502C0z0tjIyYOuysm0Le-TTACfD3wAccP19ZoBwLce56PDFscUrL921swOJ0VdClb_oy5vyzIFLRMq0rgwkhK8pS5M6iBYmT0qaaAZ1mtpszRUURegCCTPgleT7oDH8uVItUIlyGA&__tn__=*b1H-R