«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Отырар жалпы білім беретін мектебінде 7–9 сынып оқушылары арасында «Менің Республикам» тақырыбында мазмұнды пікірсайыс өтті.
Пікірталас қызықты әрі мазмұнды өтті. Әр топ өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғап, логикалық ойлау мен сөйлеу мәдениетін, пікір айту еркіндігін көрсетті.
Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдеу арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға, және ортақ шешім табуға үйренді. Мұндай шаралар жасөспірімдердің бойында азаматтық жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
Пікірсайыс соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдірілді.
Шараны ұйымдастырып, бағыт-бағдар берген дебат жетекшісі – Алтаева Э.
Осы секілді тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, парасатты, әділетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Бүгінгі пікірсайыс – оқушылардың тек сөз жарысы ғана емес, ой жарысы, ізгілік пен әділдік жолындағы қадамдарының бастауы болды.
#АдалАзамат #БіртұтасТәрбие #Пікірсайыс #ОтырарМектебі #БелсендіЖастар #ТәрбиеліҰрпақ





