Отырар жалпы білім беретін мектебінің талантты оқушысы Әшірбай Райян жас тарихшыларға арналған «Менің Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде І орын, ал облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді!
Бұл — Райянның үздік дайындығының, білімге деген ынтасының және туған еліне деген сүйіспеншілігінің айқын дәлелі.
Жас дарынға бағыт-бағдар беріп, үлкен жауапкершілікпен жетекшілік еткен ұстазы Битуова Эльмира апайға шын жүректен алғыс білдіреміз!
Мектебіміздің осындай дарынды, ізденімпаз, ел болашағына сенім ұялататын шәкірттері — біздің ең үлкен жетістігіміз.
Әшірбай Райянға алдағы уақытта да сәттілік, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
#ОтырарМектебі #МеніңОтаным #ЖасТарихшы #ЖетістікЖолы #Мақтанышымыз #БілімНұры #1орын





