Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Мен таңдаған мамандық»

«Мен таңдаған мамандық»

Отырар мектебінде 7-сынып оқушыларымен «Мен таңдаған мамандық» атты кәсіби-танымдық сабақ өтті.

Аталған іс-шара кәсіби бағдар беруші педагог Ж. Абуова мен педагог-логопед А. Қайратқызының ұйымдастыруымен өткізілді.

Сабақ басында оқушылар өздері таңдаған мамандықтары туралы ой бөлісіп, «Тату көрші» жаттығуы арқылы бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатты. Сабақ барысында әртүрлі мамандықтар туралы жан-жақты түсінік беріліп, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағытталған «Мен қандаймын?» жаттығуы өткізілді.

Сонымен қатар, ойлау қабілетін дамытуға арналған «Артық құралды тап» ойыны ұйымдастырылып, оқушылар мамандық пен құралдардың өзара байланысын анықтады. Сабақ соңында «Болашаққа қадам» атты хат жазу әдісі арқылы әр оқушы өз арманы мен болашақтағы кәсібіне байланысты ойларын қағаз бетіне түсірді.

Тренинг қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылардың кәсіптер туралы білімдері кеңейіп, болашақ мамандықтарын таңдауға деген қызығушылықтары артты.

Жарқын болашақ — дұрыс таңдалған мамандықтан басталады!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2082833275810871&set=pcb.2082833749144157&__cft__[0]=AZb9F2GXCiL__eNQz1fWS7HiOTmi_UqkjDVH0mLHdgk6QwphgYBiA23J1vvzz_0RZPffPJWYzB6Ynf4JaThL_1esw3LeGN_wONS2U9N5ZaqIodcQTT8zqzH_sFHycriqF9SCGTWW_35BJI0pOingTbATsHHljQansg94xCSxJnl3WIqjouOWwG43hGJtJAA6ueQ&__tn__=*b0H-R