Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«МЕН БОЛАШАҚТА КІМ БОЛАМЫН?»

«МЕН БОЛАШАҚТА КІМ БОЛАМЫН?»

«МЕН БОЛАШАҚТА КІМ БОЛАМЫН?»

2-сәуір – Дүниежүзілік балалар кітапханасы күніне орай ұйымдастырылған кітаптар көрмесі апталығы аясында 5 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен ерекше танымдық шара өтті.

Шара барысында оқушылар «Мен болашақта кім боламын?» тақырыбында өз армандарымен бөлісіп, қиялдары мен мақсаттарын әсерлі жеткізді. Әр баланың болашаққа деген сенімі мен талпынысы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Бұл тағылымды іс-шара кітапханашы Момбекова Фариза апай мен сынып жетекшісі Айтжан Элмира апайдың ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді. Ұстаздардың еңбегі мен қолдауы – оқушылардың жарқын болашағына жол ашары сөзсіз.

Кітап – білімнің кілті, ал білімді ұрпақ – елдің болашағы!

Болашақ – арманшыл, білімге құштар жас буынның қолында!

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2141954249898773/969489488875262?__cft__[0]=AZYmcI4XkB6q6U1XMKEqLPyuzw_j7MkC8-UTEtQzMd8ul3GueefoxM1wOsCtR6-yZiGamBWjeTzOES7k0p70ayBJz1FRlpQejOJfvfSOpz2gzG4TBgtk2UC8Xlm0j81EteZdnwuk659j2KRT5bYh1z81vV_1flIcVmNJsA73BVNNe7Ik4G1lWjLcYrosCoMiXqk&__tn__=*b0H-R