Отырар ауданы білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде «Мектептен мектепке» жобасы аясында 2026 жылдың 9 сәуір күні «Отырар» жалпы білім беретін мектеп ұжымы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, өзара тәжірибе алмасты.
Іс-шараның басты мақсаты – білім беру сапасын көтеру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және тиімді педагогикалық тәжірибелерді өзара бөлісу болды.
Кездесу барысында әртүрлі форматтағы ашық сабақтар, іс- шаралар тағы басқада тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, тың идеялармен бөлісті. Мұғалімдер заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын талқылап, білім беру үдерісін жетілдіру бағытында пайдалы ұсыныстар айтты.
Аталған жоба ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, кәсіби дамуға серпін беретін маңызды алаңға айналды. Осындай өзара тәжірибе алмасу шаралары білім сапасын арттыруда үлкен рөл атқаратыны анық.





