![]()
Бүгінгі әсерлі күн үшін алғысым шексіз!
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж.Қонтаеваның бастамасымен ұйымдастырылған «Мектептен мектепке» жобасы аясында өткен ашық сабақ – тәжірибе алмасудың тамаша үлгісі болды.
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұжымына және 8-сынып оқушыларына жылы қабылдаулары үшін үлкен рақмет айтамын! ![]()
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы ерекше қуантты. Түрлі әдіс-тәсілдер, топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы білім мазмұнын терең ашуға мүмкіндік туды.
Осындай әріптестік байланыс – білім сапасын арттырудың нақты қадамы деп білемін. Бірлесе атқарған әр жұмысымыз нәтижелі болсын! ![]()
Ізгі ниетпен,
Назира Нажмаддинова ![]()





