Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі! ![]()
Бүгін Отырар жалпы білім беретін мектебінде ерекше сәт — жаңа сайланған Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өтті.
Бұл шараның мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілетін арттыру, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа баулу.
Сайлау нәтижесінде көпшілік дауысқа ие болған Әшірбай Райян салтанатты түрде ант қабылдап, өз міндетін адал атқаруға уәде берді.
Рәсім барысында алдыңғы Президентке алғыс білдіріліп, жаңа Президентке мектеп туы мен белгісі табысталды.
Бұл — оқушы өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының жаңа кезеңінің бастауы.
Жаңа Президент пен оның командасына сәттілік тілейміз!
Жас көшбасшы, сеніміңізді ақтаңыз!
Тәлімгер: Ф.Төлеген
#ОтырарМектебі #МектепПрезиденті #КөшбасшыОқушы #ҰлықтауРәсімі #БіздіңПрезидент





