МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ
«Отырар» білім беретін мектебінде оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және көшбасшылық қабілеттерін шыңдау мақсатында "Мектеп Парламенті" өзін - өзі басқару ұйымының Президентінің сайлауы өткізілді.
Сайлауға 4 үміткер қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, тың идеялар мен бастамаларын презентация арқылы таныстырды.
Сайлауға мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы мен 8–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өз дауыстарын берді. Бұл – оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігін көрсеткен маңызды оқиға болды.
Сайлау қорытындысы бойынша, ең көп дауыс жинаған үміткерлердің арасынан 52 дауысты жинап Мектеп Президенті болып, 10 сынып оқушысы Әшірбай Райян сайланды.
Президент болу үлкен жауапкершілік, осы жауапкершілікті абыроймен алып шығып мектебіміздің атын тек биіктерден көрсетерсің деген үлкен сенімдеміз!
Мектеп парламентіне алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!





