Мектебіміздің мақтаныштары!
Облыстық өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі III орынға ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді!
Аға тәлімгер Ф.Төлегеннің жетекшілігімен шәкірттеріміз ұйымшылдықтың, жауапкершіліктің және көшбасшылық қабілеттің жарқын үлгісін көрсетті.
Білімдерімен дараланған, белсенділігімен ерекшеленген шәкірттеріміз: 10 сынып оқушылары Әшірбай Райян Мұратқызы,
Дүйсенбай Балмира Шамилқызы
Жарайсыңдар, қыздар! Мектебіміздің абыройын асқақтатып, биік белестерді бағындыра беріңдер!





