Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Мектебімізде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Мектебімізде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Мектебімізде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысты кеңестің төрағасы Қ. Төлеген ашып жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде:

1 жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар.

Тыңдалды: 1 мәселе бойынша мектеп директоры К. Асылбеков 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтылды.

Есеп барысында төмендегі негізгі мәселелер қамтылды. Оқу жылының басында аз қамтылған отбасы балаларына демеушілік көмек көрсетілгені, сондай-ақ үйден оқытылатын екі оқушының оқу процесі ұйымдастырылып, қажетті оқу құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгені атап өтілді. Президент шыршасына 5 сынып оқушысы Бекәділ Кәусар қатысып, 100 мың теңге сыйлыққа берілді.

Мектеп фойесіне ауыл депутаты Абилаханов Серіктің демеушілігімен 200 000 теңге көлемінде «Мектеп миссиясы» атты стенд орнатылғаны айтылды. Сонымен қатар оқу-тәрбие саласындағы жетістіктер, оқушылар мен мұғалімдердің түрлі байқаулар мен жарыстардағы нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

ҰБТ мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қатысуға тиісті оқушы саны 24, қазіргі сапа көрсеткіші 55%, ал алдағы меже 75–80%-ға жеткізу қажеттігі атап көрсетілді.

Мектеп ғимаратында ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі көтерілді. Сонымен қатар келесі оқу жылында мектепті газбен жылытуға көшіру мақсатында смета жасалғаны туралы ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, кітапхана және ондағы атқарылған жұмыстар, шағын орталықтағы бала саны мен жүргізіліп жатқан жұмыстар, мектептегі үйірмелер саны, тартылған оқушылардың үлесі және жалпы оқушы санына шаққандағы пайызы туралы толық баяндама оқылды.

Қамқоршылық кеңестің мүшелері көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Қамқоршылық кеңестің отырысында мектептің даму бағытындағы маңызды мәселелер жан-жақты талқыланып, алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды. Отырыс соңында комиссия мүшелері атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деп оң бағасын берді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2078334286260770&set=pcb.2078287799598752&__cft__[0]=AZasBkA92gfGyHhpGmiaoJxNwyzr-ZtzTGChZs_IwdLVAbYafWEvpBFm_nJplJkFZ29_H2jXNxu_MPWBuKpx9PR1i1V6kBQLmclyk5_aDQ5wMwwepKYz9_MYGd9z5C_4SN_LIRux6TqhnPZ8RY6GU0jSfoGIYUNiYLnaeIv9xjsNlA&__tn__=*b1H-R