Отырарлық жас таланттың жетістігі!
Отырар жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Әшірбай Райян республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінде тамаша нәтиже көрсетті.
Райян байқаудың «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша ерекше өнерімен көзге түсіп, аудандық кезеңде 1-орын, ал облыстық кезеңде 2-орынды иеленді.
Бұл жетістік – жас суретшінің еңбегі мен шығармашылық қабілетінің нәтижесі. Райян өз еңбегі арқылы Махамбет поэзиясының рухын бейнелеп, ел ерлігін көркем сурет арқылы жеткізе білді.
Оқушының жетістігіне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі Додабай Гүлжаухар ұстазға алғыс білдіреміз!
Райянды және ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
Жас талантқа шабыт, биік белестер мен жаңа табыстар тілейміз!






