" Жібек жолы" бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты көңілді үзіліс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мақал-мәтелдер арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
Кеспе қағаздар арқылы мақалдар жасырылып, оқушылар олардың жалғасын тапты. Сонымен қатар Wordwall бағдарламасы арқылы мақал-мәтелге байланысты қызықты жұмбақтар орындалды.
Көңілді үзіліс әсерлі де танымды өтті, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. ![]()
![]()





