ЖЕТІСТІК ЖАРАСТЫ БОЛСЫН!
"Отырар" жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Аман Іңкәр 8–11 сынып оқушылары арасында өткен «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл – білімге деген құштарлық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі!
Жетекшісі – Карбозова Гүлмира. Ұстаз еңбегі мен шәкірт жетістігі әрқашан қатар жүрсін!
Іңкәрға алдағы уақытта шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!





