Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

«МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

«МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ – ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Отырар жалпы білім беретін мектебінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында бастау алған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өз жалғасын тауып, игі істердің жарқын үлгісіне айналды. Наурызнаманың «Тазару күні» аясында өткізілген бұл шара – табиғатты аялау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын ұғындыратын тағылымы мол бастама болды.

Акция барысында мектеп аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Мектептің ішкі және сыртқы аумағы қоқыстардан толық тазартылып, арықтар аршылып, лай мен қалдықтардан арылды. Тазаланған арықтарға су жүргізіліп, су жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мектеп ауласындағы талдар әктеліп, олардың түптері қопсытылып, уақтылы суғарылды. Жасыл желекті күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлініп, аула көркі айтарлықтай жақсарды.

Бұл жұмыстарға оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысып, ұйымшылдық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Әрбір жасалған еңбек – тазалыққа деген жауапкершіліктің, туған жерге деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Игі іске мектептің 1990 жылғы түлектері де өз үлестерін қосып, мектептің көше жақ қапталына 200 түп декоративті ағаш отырғызды. Бұл – тек көгалдандыру ғана емес, бұл – болашаққа жасалған үлкен инвестиция. Егілген ағаштардың сырты қоршалып, тұрақты күтімге алынды. Бүгін егілген әрбір тал – ертеңгі саялы бақ, келер ұрпаққа қалдырылған баға жетпес мұра.

Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың бойында экологиялық мәдениет қалыптасып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі арта түсуде. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі тазалық – ертеңгі жарқын болашақтың кепілі.

Табиғатты аялайық – тазалықты бірге сақтайық!

#МөлдірБұлақ #ТазаруКүні #Наурыз #Экология #ТазаҚазақстан

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2138676830226515&set=pcb.2138678186893046&__cft__[0]=AZbGWvrTu7yHq9_D809yFAzT_Yz_ZDRFCy1miZdfN-T_ue97JVOl68EhbNAOP-Qirf6uxtRBfD6vJj-k6_kioq_uqb4z5rA71FaHa0zG5svuY7CWXcgAigi3VKB_6KxsqP2fiqkHGpsl2dsdCeP9EeW0&__tn__=*b0H-R